Байтақ далам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Байтақ далам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1694
О, менің байтақ далам.
Ырысы шайқалмаған!
Қу дала медиен деп
Бұл күнде айтар ма адам!
Ой-қыры, әр қиясы –
Дәулеттің дариясы!
Жүз ұлттың құт мекені,
Ұжмағы жан ұясы.
Еңбекпен таны атқан,
Шаттық әр шаңырақтан
Шалқыған,
береке, бірлік
Ынтымақ халқыма мақтан.
Далама құлпырған бұл
Жетпіс-ақ жыл толып тұр.
Еркіндік, бостандық әкеп
Октябрь құйғалы нұр.
О, менің байтақ далам,
Ырысы шайқалмаған.
Қу дала медиен деп
Бұл күнде айтар ма адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байтақ далам өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Байтақ далам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байтақ далам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байтақ далам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері