Көктем желі

Бұл бетте «Көктем желі» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 971
Сақылдаған сары аяз,
Боран мен борасын,
Омбы қар...
Бәрi де, бәрi де кеттi-ау;
Аспанмен
Отар-отар
Табын-табын бұлттарын айдап
Көктемнiң желi де жеттi-ау.
Күйреген қатал қыстың
Қираған дүние-мүлкi құсап
Өзендерде
Сең ағып жатыр.
Алып Қазақстаным
Майданнан шыққан батырдай
Көктемгi желмен
Кеудесiн толтырып
Дем алып жатыр.
Таулардың
Сауыс-сауыс етектерiндегi
Қасат қарлар мен
Көкпеңбек мұздардың
Күтiр-күтiр сөгiлуiн-ай...
Құс бiткеннiң
Көлдер мен тоғайларға
Қанатты телеграммалар құсап
Аспаннан сауылдап
Төгiлуiн-ай!
Пай-пай-пай!
Көтемгi жел әкелген
Осынау
Шабытты шақ қандай:
Бiр әрi, бiр берi бұлғақтаған
Ағаштардың жалаңаш бұтақтары
Ақындардың қолдары секiлдi
Ауаға иректеп
Жыр жазып жатқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем желі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көктем желі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем желі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем желі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері