Жабыққанда – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жабыққанда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1113
Мен кiретiн
Есiк қалмағандай.
Тiптi-сығалайтын! –
Тесiк қалмағандай.
Дүние – мен дегенде! –
Тұқшиып
Қымтанып алғандай.
Мен шығатын төбелер
Көктайғақ көк мұзға
Құрсанып алғандай.
Туым құлап,
Жыртылып қалғандай.
Телефонның тiлi
Қырқылып қалғандай.
Мен қазiр –
Иықтан! –
Жұлынған пагондаймын.
Iстен шығып –
Тұйыққа! –
Қуылған вагондаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жабыққанда өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жабыққанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жабыққанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жабыққанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері