Жолдар – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жолдар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 892
1
Тоқсан тарау жол жатады өңірде,
Тоқсан тарау жол жатады өмірде.
Бұралаңы, бұрысы жоқ дап-даңғыл,
Жол жатады құйындаған көңілде.
Құйын көңіл алып ұшып асқарға,
Бұлтты тіліп жөнел дейді қасқар да.
Қойып кет те көк толқынның төсіне,
Қарсы атыл дейді ағыннан жасқанба.
Тіліп түсер қара тасты ақ алмас,
Жастық, сірә, бөгет бар ма ала алмас!
Тіршіліктің «тар жол, тайғақ кешуі»
Жастық тауын, арман тауын шаға алмас,
Нар тәуекел, қойып беріп біріне,
Жөнелгенде жығыла да сүріне,
Илеуі мен иірімін түгел деп,
Сонда ғана қанасың, жол сыры не.
Тоқсан тарау жол жатады өңірде,
Тоқсан тарау жол жатады көңілде...
Бұралаңы, бұрысы жоқ дап-даңғыл
Жол жатады кейбіреуге өмірде.
Жылым жолдар, жыңғыл жолдар, cap жолдар
Бұл өмірде талай-талай бар жолдар.
Мықты болса, жетелеушің, «жебеушің»
Кеңіп сала берер талай тар жолдар.
Тағдыр одан тайқи соғар қорғақтай,
Ондайлардан аулақ жүрер сор батпай.
Бәз біреуге өткелі жоқ асаумен
Ол жөнелер тайпала кеп жорға аттай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолдар өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жолдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері