Әуенмен жаным достаспай

Бұл бетте «Әуенмен жаным достаспай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 825
Әуенмен жаным достаспай,
Әнімді менің тыңдар кім?..
Алмасым тұрса тот баспай,
Алмасын жырдың турармын.
Жасырын сақтар сыр қалмай,
Сезінің селі көмгенде.
Жүрегім менің сырнайдай,
Сыңсып бір сарай кеудемде.
Жылдардың бастым пернесін,
Күндердің күйін келтіріп.
Алданар бірақ пендесің,
Арбаса тірлік көз тігіп.
Сыбызғы тарттым саз үнді,
Самарқау кешті ұйытып.
Сұлулар мені сағынды,
Сағынбай кетсем ұмытып.
Жамылып жанат ішігін,
Құбылып жатса қыз-ғұмыр,
Жағырттым ойдың ұшығын,
Шоғында шабыт қызды жыр.
Балқыттым болат тасымды,
Гулетіп күйдің көрігін.
Көңілім сүттей тасынды,
Тарқатып кірбің көбігін.
Құмармын әнге әуелден,
Құярмын әсем наз үнді.
Ұқтырам ерке әуенмен
Өмірге өкпе-назымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әуенмен жаным достаспай өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Әуенмен жаным достаспай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әуенмен жаным достаспай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әуенмен жаным достаспай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері