Еске алу – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Еске алу» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2351
Көк торғын сонау тоғайға
Кетуші ек терең көміліп.
Аунаушы ек еркін көгалда,
Бұрымдай бірге өріліп.
Теректер, талдар сол шақта
Тұратын еді сызданып.
Алушы ем сені құшаққа,
Бәрінен соның қызғанып.
Сәулесін судай сіміріп,
Сүйгіздік беттен ақ айға.
Ару таң атса сызылып,
Алақан тостық арайға.
Тәтті еді-ау сол бір бал түндер,
Жұлдыздар маздап жанатын.
Аймалап ескен салқын жел
Ән болып қанат қағатын.
Еске алдым, сәулем, сағына,
Жандар жүр онда кіл бөтен.
Көк торғын тоғай тағы да
Асыға күтіп тұр ма екен?!.

1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еске алу өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Еске алу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еске алу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еске алу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері