Көрдім сені түсімде

Бұл бетте «Көрдім сені түсімде» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1670
Сүйген сәулем, көрдім сені түсімде,
Тұр екенсің қызыл жалын ішінде.
Маған қарап қабағыңды сәл шыттың,
Әлденеге өкпелеген пішінде.
Сүйген сәулем, көрдім сені түсімде.
Жадау тартқан жүзің қайта жаңарып,
Көркің қалды жанарымда қамалып.
Мен білмейтін бір бағытқа тарттың сен,
Қара көзің қара жолға қадалып.
Көркің қалды жанарымда қамалып.
Қағып едің туған айдай қасыңды,
Алдыңа кеп меруерт моншақ шашылды.
Гүл-гүл жайнап шыға келді дүние,
Алабұртқан аспан шайдай ашылды.
Алдыңа кеп меруерт моншақ шашылды.
Сүйген сәулем, көрдім сені түсімде,
Тұр екенсің қызыл жалын ішінде.
Жалт қарадың қабағыңнан күн күліп,
Сонан кейін айналдың тас мүсінге.
Сүйген сәулем, көрдім сені түсімде.

1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрдім сені түсімде өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Көрдім сені түсімде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрдім сені түсімде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрдім сені түсімде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері