Өкініп қалмас үшін

Бұл бетте «Өкініп қалмас үшін» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 953
Гүл көктем,
Қызық көктем,
Жалын көктем!
Сарылып аңсады ғой жаным көптен.
Мөлдіреп жанарыма тұна қалдың,
Сырлы еді,
Сиқырлы еді әнің неткен?!
Сен де –
Бір көкейіме түйген өлең,
Үйімнен тысқа қарай сүйрелеген.
Таулар тұр желпінгендей алқам-салқам,
Ағытып омырауын түймелеген.
Киіп ап қылықты орман көк көйлегін,
Шақырды көз алдымнан кетпей менің.
Кідірмей алып-ұшып жүгірер ем,
Көбеңдеп қалғаным ба, жетпей демім?
Андыздап тілім-тілім таспа бұлақ,
Ағады Алатауды жастанып ап.
Тарқамас табиғаттың той-думаны
Менсіз де кеткені ме басталып-ақ?!.
Өкініп қалмас үшін соңырада,
Жетсем бе тым болмаса соңын ала?
Жастығым көнетоздау көйлек киіп,
Жарқ етіп, бір тасадан жолыға ма?!
Байғұсым маған жылап мұң шағар ма,
Өкпе айтып мұнша нөсер,
Мұнша қарға?
Немесе үрке қарап анадайдан,
Ерсілеу жүрісіме мін тағар ма?..
Ойпыр-ау, алынған ба тас қамалым?
Қобалжып, жүрексініп, жасқанамын.
Абайлап сөйлесейін, арындамай,
Таппасам болмас енді басқа амалын...

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкініп қалмас үшін өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Өкініп қалмас үшін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкініп қалмас үшін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкініп қалмас үшін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері