Елбасына арнау

Бұл бетте «Елбасына арнау» атты Рита Алтайқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Елдігім мен теңдігім бүгін таңда
Оңайлықпен келген жоқ ол расында
Желбіресе туымыз аспан көкте
Ел ағасы Нұр ағаның арқасында.
Ақын болып тілімді ұштайын мен
Нұр ағаның игі істерін жырлайын мен
Халқының қалаулысын бүгін таңда
Айтудан ешқашан тынбайын мен.
Сұрапыл сол бір жылды еске алсақ,
Құрбан болды қаншама қыршын қазақ,
Қазақ халқы теңселіп кетті – ау шіркін,
Сол бір жыл біздер үшін үлкен азап.
Таққа келді қазақтың жас баласы,
Өзі дара, өзі дана, ел баласы,
Қазақтың біткен екен маңдайына,
Қарапайым Нұр ағадай бір баласы.
Бағы ашылды қазақ деген халықтың,
Арқасығой ол да болса Нұр ағаның,
Ізгі істер істеудің арқасында,
Әлемге әйгілі болды қазақ атың.
Ел ордасы Астананы гүлге орады,
Мектеппенен салғызды балабақшаларды,
Боз торғай жұмыртқалаған бүгін таңда,
Осы емес пе қазақтың басты арамны?
Азаттықта, бостандықта елім менің,
Алғысым көп Нұр аға сізге менің,
Біз сияқты жастардың ертеңі деп,
Ойластрыған бар елінің ертеңін.
Көрді рас Нұр аға да қиындықты,
Мойымады еңсесі түсіп мұңаймады,
Алпарысып қиын қыстау күндерменен,
Айбарланып сағы сынбай қарсы тұрды.
Ел билейтін ел ағасы міне осы,
Мойындата білген талай дұшпаныңды,
Ей халқым Нұр ағадай ел басына,
Басыңды и де, мойында көкжалыңды.
Мәңгі жаса Нұрсұлтан мәңгі жаса!
Ақ батасын халқың берер әрқашанда,
Өзің айтқан Мәңгілік ел атауы,
Сөнбейді ешқашан өзің барда.


Пікірлер (10)

Айнура

Шыгарманыз оте жаксы кызым байкауга окыса болады ма екен

Әсел

Пікіріңізді жазыңыз... Әи бір нәрсе деп жазсаңдаршы

Керемет! Өткен жылдарға шолу жасалған

Керемет! Өткен жылдарға шолу жасалған

Мансур

Оте кереметь

Зейнеп

Керемет екен деп айта алмаймын нармални.

Өте жаксы

Myrza

керемет

анель

күшті

анель

күшті болган

Дос

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елбасына арнау өлеңінің авторы кім?

Рита Алтайқызы — осы өлеңнің авторы.

Елбасына арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елбасына арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Рита Алтайқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елбасына арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер