Әншіге – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Әншіге» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1601
Ән қандай, әуен қандай, әнші қандай!
Асқақтап бұлтқа барып шаншылардай.
Ерке әуен еркеленіп шыққан сәтте
Көзіңнен ыстық жасың тамшылардай.
Деміңді ішке тартып үн шығармай,
Тыңдайсың асау жүрек тұншығардай.
Қоздатып қозғағанда көңіл сырын,
Боласың өле-өлгенше құлшынардай.
Қайран ән тебірендірген, табындырған,
Артық па алқа тақсам лағыл жырдан?
Жүректің түкпіріне сәуле төгіп,
Тұрып-ақ көз алдымда сағындырған.
Мамырлап майда ғана қағатын жай,
Мақпал ән мұңлы аққудың қанатындай.
Қондырсам үлбіретіп алақанға,
Тек содан жаным рахат табатындай.
Шырқаса нөсерлетіп, жаңбырлатып,
Қалшиып қарауылдай қалдым қатып.
Адамға ең алдымен ән сыйласын,
Егер де сыйлар болса тағдыр бақыт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әншіге өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Әншіге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әншіге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әншіге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері