Сағынышым сарғайған жат бағында – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сағынышым сарғайған жат бағында» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 806
Сағынышым сарғайған жат бағында,
Орануда бұл жаным от-жалынға.
Тым-тырыссың, әлде әлі көкірегіңнен
Бір жылылық сен маған таппадың ба?
Жаралған ем жанып тек сүюге мен,
(Не біледі сезбеген, күйінбеген?)
Қызық үшін қызып бір қыз алдында
Өр басыңды сыйлаймын иілмеген.
Жан бағымды бір дауыл осты менің,
Күткем сенен жанашыр, дос тілегін.
Сезе тұрып, түкті де сезбегенсіп,
Ести тұрып, даусымды естімедің...
Сағыныштан сарғайған айықпадым,
Жұртқа жырым жіберді жайып бәрін.
Сүйе тұрып, сүйікті бола алмаған
Мен өзімді сен үшін айыптадым.
Жыры бөлек, білемін, бұл тыныстың,
Күшін көрсен, іштегі бұлқыныстың.
Бір жылылық кеудеңнен маған деген
Таппадың ба, үнсізсің, тым-тырыссың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынышым сарғайған жат бағында өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сағынышым сарғайған жат бағында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағынышым сарғайған жат бағында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынышым сарғайған жат бағында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері