Үмітімді «жартастан» неге үзбеймін – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үмітімді «жартастан» неге үзбеймін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 542
Үмітімді «жартастан» неге үзбеймін,
Өз дертімнен дауылды ем іздеймін,
Сездірмеген сыртынан, сырын жұмбақ,
Тұман басқан кешкі бір теңіздеймін.
Табиғатпен осынау егіз деймін,
Өз ішімнен үңіліп, кен іздеймін.
Ризамын, туған ел, шыққан күннің –
Шуағынан емізбе, еміз, мейлің.
Түйін болып туғандай жыр анадан,
Құйын болып қуғандай құла далам.
Аузын ашқан шырылдап балапандай,
Сыбағамды мен кімнен сұрап алам?
Әйнегімнен кіреді түтіндей мұң,
Біреу үшін нүкте емес, үтірдеймін.
Келетұғын екінші өмірімді ап,
Ертеңім бар, соған да, «шүкір» деймін.
Күн ойланам, жыр жайлы түн ойланам,
Жел - өсекпен несіне ылайланам.
Басына бақ жетпеген кезде адамның,
Беріпті ғой, берерін құдай маған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үмітімді «жартастан» неге үзбеймін өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Үмітімді «жартастан» неге үзбеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үмітімді «жартастан» неге үзбеймін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үмітімді «жартастан» неге үзбеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері