Жазғы аспан – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Жазғы аспан» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4818
Жадырайды, жаудырайды жазғы аспан,
Ақша бұлттар баурайында қаз басқан.
Алдым заңғар жолы жатыр бұралаң,
Таймау үшін келем көзді жазбастан.
Төгеді кеп мол арайын шаңқай түс,
Ұмтылдырған мені ілгері бардай күш.
Жүгіремін өкпем өшіп ілгері,
Үзбе тағдыр, жолым қашық жалғай түс.
Албырайды ашық аспан ақшамда,
Сұлу дүние ұқсайды сыр ашқанға,
Шүйке бұлттар саусағындай шебердің —
Өрнек салып бара жатыр аспанға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы аспан өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Жазғы аспан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғы аспан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы аспан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері