Шәйтімнің Сексен жаспен айтысы

Бұл бетте «Шәйтімнің Сексен жаспен айтысы» атты Шәйтім ақын жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2552
Шәйтім:
Бұралған тал шыбықтай он бесім-ай!
Пенденің көз жете ме өлемесіне-ай.
Қадірі қонған жұрттың көшкенде өтіп,
Түсіп тұр қалған дәурен енді есіме-ай.
Жас артық емес екен жиырмадан,
Нәсіпті тартып алдым бұйырмаған.
Еңбектеп төсегімнен тұра алмаймын,
Кәрілік жақындап тұр биыл маған.
Отызда талай салған ойраным-ай,
Өтер деп дүниені ойладым ба-ай?!
Жігіттік қайта айналып неғып келсін,
Құдайым бере бермес ойдағыны-ай.
Қырық қайда қынсыз қылыш секілденген,
Не пайда өткен күнге өкінгенмен.
Кешегі жігіттіктің уағында
Бар ма еді ой дүниені өтер деген?!
Секілді кескірегеу елуім-ай,
Бола ма енді қайта айналып келуің-ай.
Саулаған жанған өрттей өте шықтың,
Жоқ екен, дүние, сенің сенімің-ай.
Елуге баста секен алпысың-ай,
Алпыс жас, жігіттіктің артысың-ай.
Көз бенен қол-аяқтан бірдей алды,
Жетпістің түскеннен соң талқысына-ай.
Алпыстан ауыр тиді жетпісің-ай,
Жетпістің қатты көрдім тепкісін-ай.
Бойымнан ұрмай-соқпай күшімді алды,
Япырым-ай, бұл жетпістің ептісін-ай.
Жетпістен ауыр тиді сексенің-ай,
Мен тұрамын, сексен, сенен сескеніп-ай.
Саулаған жанған өрттей қызық дүние,
Бір күні бастан ғайып өткенің бе-ай?
Қызыл тіл, жел сөз еді күнелткенім,
Мың шүкір бүгінгіше тірі еткенің.
Алпыс пен жетпіс жаста адам едім,
Неткенің мені, сексен, жүдеткенің?!

Сексен:
Дүниеде көргенненде көрмеген көп,
Сексен жас тілесе де бермеген көп.
Сен неге маған сонша өкпелісің,
Алдында тоқсан жатыр көлденеңдеп?!

Шәйтім:
Сескен жас, жете алмадым есебіңе-ай,
Сенімен жолдас болам неше күн-ай?
Тоқсанның өлісіне, тірісі не,
Жатқаннан соң бүлдіріп төсегіне-ай.
"Жуырда мұны Құдай алмас" деген,
Қалдырма келін-бала өсегіне-ай.

Сексен:
Шын болат шығыршығын үзбей жатыр,
Адасып жол таппаған түзде жатыр.
Құдайым айдап барса, шараң барма,
Тоқсанның аржағында жүз де жатыр.

Шәйтім:
Жігіттік кезде көңіл тасқындады,
Келген соң сексен маған басқындады.
Тоқсаннан әрі асып, жүзге барсам,
О дағы Құдайымның қас қылғаны.

Сексен:
Жігіттік кезде көңіл тасқын дағы,
Келген соң сексен саған басқындады.
Жоқ дейді тамықоты жүзге барсаң,
Қанеки Құдайыңның қас қылғаны?!

Шәйтім:
Қымбат зат бірдей болмас тегінменен,
Балалар қырын қарар келінменен.
Есіктен айтқан сөзің төрге озбас,
Алжытып, бірдей етпе өлімменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шәйтімнің Сексен жаспен айтысы өлеңінің авторы кім?

Шәйтім ақын — осы өлеңнің авторы.

Шәйтімнің Сексен жаспен айтысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шәйтімнің Сексен жаспен айтысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәйтім ақын өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шәйтімнің Сексен жаспен айтысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер