Автопортрет – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Автопортрет» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2985
Болды кезім әр нәрсеге еліккен...
Енді қазір жас емеспін желіккен.
Қайда барсам, өзіме шақ орным бар,
Несібемді жеп келемін теріп мен.
Үлкен болып кішілікке төздім көп,
Сондықтан да тез солмаймын, тез гүлдеп.
Күмбірлейді көкірегімде қоңыр күй,
Талпынбадым қатарымнан озғым кеп.
Біреулерде басым болар пенделік,
Пенделікті тұрар бірден ел көріп.
Қара бастық қамын күйттей бергенше,
Кеткен жақсы біржолата жерге еніп.
Көпке іні және көпке ағамын,
Келер кезі берілетін бағаның...
Жаман болсам, жетер жерім белгілі,
Жақсы болсам, жақсылықты табамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Автопортрет өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Автопортрет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Автопортрет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Автопортрет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері