Өлең, жыр, ақындар

Стихия

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 728
Таныдың ба?
Таныдың ғой, білемін!
Кеше ғана өрттен қалған Күл едім.
Гүл боп қайта түледім.
Енді өзіңді өртеу – менің тілегім.
Ынтығасың...
Жұпар жұтқың келеді!
Есіңде жоқ өртегенің, себебі!
Түсінбеп ем, – тұрған жерім қай алап?
Мезет сонда таң ба, әлде кеш пе еді?
Мөлдір-мөлдір көз жасымды
алақаныммен аялап,
Өртке сепкем...
Өшпеді!
Сыныққанат Жаныңды алып,
Желмен ұшып келдің бе?
Жалаңдаған жалынды
Алып
Санамаймын мен мүлде!
Күйкі әлемге қабағымды бір
Шытпай,
Күйдірейін,
Көзіңнен жас ыршытпай!
Күліп тұрып – өртен, егер, өр болсаң!
Біліп тұрып, түтін жұттым, тұншықпай...
Сол баяғы өлеңді оқы таң қылып,
Бірінші рет естігендей, паң күліп
Тұра берем,
Ту сыртыңнан
Сені шала жандырып!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Керексің

  • 0
  • 0

Басқа заңғар, бөлек асқар, бөлек шың,
Менің мөлдір сезіміме себепсің.
Сарқырама секілденіп құлайын мен,
Сен сол үшін керексің!

Толық

Қоштасу

  • 0
  • 0

Осылай оңай ғана,
Екеуміз алыстадық...
Жылт еткен жылылықты,
Өткенге табыстадық!

Толық

Қауырсын-қар

  • 0
  • 0

Аңсаулардың, шаршаулардың саны аздай,
Аспан тағы мұңайды.
Қардың бәрі хат жазылған қағаздай,
Алдыма кеп құлайды.

Толық