Астана – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Астана» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 909
Самұрықтың қанатынан сау етіп,
Қиял тамды санама!
Хан тоқтаған Қараөткелге тәу етіп,
Тізе бүкпей, бола ма?
Сауын айтып Сарыарқаның самалы,
Керуен-керуен дәуір көшіп барады,
Көңіл көшіп,
өмір көшіп барады,
Ай маңдайлы, ару жүзді Астана
Кеңістікке кербездене қарады!
Мың сабаздың түсі шығар Астана!
Шайқастан соң мүлгіген.
Ұйық табу арман шығар басқаға,
Сен мен үшін Жердің Ұлы кіндігі ең!
Астананың аспанының астында
Бейбітшілік аппақ сүттей ұйыпты.
Жұмыр жердің,
мына жұмыр бастың да,
Бар арманы жұмыртқаға сыйыпты!
Еркін түсіп
ерке Есілге таң нұры,
Тереңдесін Бәйтеректің тамыры!
Осы жерде көздің жасы сүртіліп,
Осы жерде шешіледі
Өр Алаштың тағдыры!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Астана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері