Аяғыңның астында – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Аяғыңның астында» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1060
Айналайын, бата берме мұңға құр,
Іздегенің алыста емес, мұнда жүр.
Бақыт деген басы жұмыр пенденің
Маңдайына бұйырады мың да бір.
Бақыт деген – басқа қонар құс дедік,
Тынбай іздеп, ат үстінен түспедік.
Күттік оны кіріп келер қонақтай,
Шыққан күні түнде жақсы түс көріп.
Бақыт өзі қонады деп сәтте бір,
Күте­күте күйбеңдеумен өтті өмір.
Бір жалт етіп жоқ болатын сол бір құс
Әлі күнге жерге түспей, көкте жүр.
Оранғандар үлде менен бүлдеге
Қол созады жұлдызға да, күнге де.
Бақыт деген – қолыңдағы домбыра,
Сол сөйлесін, үндемеші, үндеме!
Мына өмірде сор мен азап таусылмас,
Қайғы толы қара құдық аршылмас.
Бақыт деген – қасыңдағы жас сұлу,
Соны сүй де, махаббаттың мауқын бас.
Қайсыбірін айта берем түгендеп,
Көз қариды құбылғанда мың өрнек.
Бақыт, мүмкін, мініп жүрген тұлпарың,
Шідер салып, шылбыр тағып, жүгендеп.
Түпсіз терең тірлік атты тасқында,
Өз ғұмыры өзіне аян тастың да.
Бақытты сен күте берме аспаннан,
Бақыт, бәлкім, аяғыңның астында...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяғыңның астында өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Аяғыңның астында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяғыңның астында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяғыңның астында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері