Дегелең – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Дегелең» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1356
Қарайып сонадайда тұр Дегелең...
– Ойпыр­ай, сұмдық еді бұл не деген?
Қасына аяқ басып бара алмайсың,
Жеріңді осы емес пе түрмелеген?
Байқашы, безіп кеткен құс баласы,
Суында балық бар ма, түс, қарашы!..
Шағанның жағасында шырқ айналып,
Бойына тарамай тұр ішкен асы.
Ағаның тілегімен зыр жүгіріп,
Қарадым ойдым­ойдым суға үңіліп.
Тұнық су телміреді тірлігі жоқ,
Түңілдім түбіндегі сырды ұғынып.
Буып тұр бір қасірет бар тынысты,
Құсы жоқ аспан қандай қорқынышты?
Күрсініп көздеріне жас алды да,
Екі ағам тостағанды сарқып ішті.
Дегелең күйіп кеткен жана­жана,
Тозақтан шыққандай бір жаңа ғана.
Екі ұлы Дегелеңнің мөлтеңдейді
Тауға да, өзенге де, далаға да.
Аһ ұрып, азап тартқан тау­тасына,
Батып тұр ауыр салмақ арқасына.
Кетердей Дегелеңмен бірге шөгіп,
Екеуі алып мені ортасына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дегелең өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Дегелең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дегелең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дегелең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері