"Ақөзекте" айлы кеш – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «"Ақөзекте" айлы кеш» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1123
"Ақөзектің" пәк жүзін жымыңдатып,
бұлт-бұлт етіп барады құлын батып.
Құлын батып барады. Жас сұлудың
жауырынына кетіпті бұрым батып.
"Мына қазды қанатпай, шіркін атып
алсам-ау" деп, жүрегі бүлкіл атып
жігіт отыр, келіншек шай құяды
сүт орнына сып-сылдыр күлкі қатып.
Бұлт ойнайды аспанда түртіп Айды,
Ай астында боз бие шұрқырайды.
Құлын батып барады, ана-бие
шұрқырайды шақырып "бір құдайды".
Әзір ас жоқ, жас жігіт бір "тік қасық"
жаутаңдайды көз-ғашық кірпік басып.
Құлын мүше келіншек — шабақ болып
қармағымен ойнайды түртіп қашып.
Енді бір сәт... қарашы, құдіретті:
енесіне аман-сау құлын өтті.
Ит шәу етті, келіншек тұрды атылып,
жас қонақтың жүрегі шымыр өтті...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

"Ақөзекте" айлы кеш өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

"Ақөзекте" айлы кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

"Ақөзекте" айлы кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

"Ақөзекте" айлы кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері