Тіл – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Тіл» атты Алма Түсіпбекова жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Үзілген соң мәңгі жыр,
Төмен түсті бақ елі.
Тіл алмайды жалғыз ұл,
Жер қылады әкені.

Қайтеді оның батасын,
Қаймықтырмас ер үні.
Тілдеп алды атасын,
Кесапаттау келіні.

Өрлікті өмір сойыпты,
Көгере ме енді оңып?
Тілін жұтып қойыпты,
Қайын ене... жер болып.

Балаушы едім шыңды арға,
Көп арманға кенеле.
Айтқаныңды тыңдар ма,
Тілазарлау немере?

Ұлағатты ұғар кім?
Денем кетті түршігіп.
Тілін тағы шығарды,
Тоңмойынды тіршілік.

Сен - өзіме тең құрбым,
Сенен келмес сыр бүккім.
Тілін таппай мен жүрмін,
Тоқсан толғау тірліктің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіл өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Тіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері