Уақыт-қонақ – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Уақыт-қонақ» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 959
Келді ме сыншыл қонақ Уақыт деген?!
Соны күтіп талайдан жатыпты өлең.
Қара дойыр сүйретіп Уақыт кірді, —
қорқып кетіп бір сөзім атып тұрды.
Қонақ емес, қырсық қой мынау нағыз,
бүйтіп келген қонаққа қуанбаңыз.
Қыл тұзағын шұбатып Уақыт кірді, —
бір теңеуім шыңғырып атып тұрды.
Қонақ емес, бір сойқан дүбір кепті,
тып-тыныш көкірегімді дірілдетті.
Жалаң қылыш суырып Уақыт кірді, —
бір сұлу ой селк етіп атып тұрды.
Қонақ емес, мынау бір ұры білем,
мен де қорқып алдында сүрініп ем,
жаздым деп ем не ісім, не тілімнен —
уақыт-ұстаз сипады кекілімнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыт-қонақ өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Уақыт-қонақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уақыт-қонақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақыт-қонақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері