Қызыл түс – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Қызыл түс» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2574
Жырың қызыл ғой десе,
жауап әзір, таза арым:
қызыл тілім сөйлесе,
қызыл қанмен жазамын.
Қызыл тілім тіпті ұзын,
ұқсас қызыл тасқынға.
Ант еткемін қып-қызыл
қызыл жалау астында.
Күні қызыл аспаным,
туы қызыл Ұлы Отан,
қызыл сөзден басқаның
қызылдығын ұнатам.
Қызыл ақын не деп тұр?
Не десе де — медет қыл.
От секілді өрепкір
қызыл өлең керек бір.
Гүл — қызарса әдемі;
әділеттік жасайық:
қыз — қызарса әдемі,
жыр қызарса — несі айып?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері