Бұл бетте «Туған ел» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аймалайды өпкен желі,
нұрға оранып көк пен жері.
Бала сағым бұлдырайды,
гүлмен ойнап бөктердегі.
Қаз-үйректің таныс әні
ерке өзенмен табысады.
Бір-бірінен күле қашып,
ақ толқындар алысады.
Терек, қайың жымыңдасып,
самал желмен тұр ымдасып.
Жапырақтар тербеледі,
бір-бірімен сыбырласып.
Гүл жамылған өлкедегі
бұталар да ән төгеді.
Күн шуағы аймалаған,
елім неткен көркем еді!
1972
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі