Өлең, жыр, ақындар

Салмақ

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1021
Адастырып арзан дәме, жалған үн,
кемеңгерлер кемітпесін салмағын.
Жеңілдесін көкке ұшатын кемелер,
азаймасын тек салмағы Балғаның.
Шегеге де, сезіп жүрміз, жан тәтті,
балға алдында қағады ол да жалпақты...
Әйел біткен қары талсын бала ұстап,
дән салмағы майыстырсын алқапты.
...Жоқтық, аштық, қайғы, қаза сондағы
танкі, кеме, самолеттер бомбалы —
бәрін қосып есептесең — толмады
"жесір" деген жалғыз сөздің салмағы.
Өмір — нәзік,
бірақ ауыр сынына
шыныға бер,
шыныға бер, шыныға.
Мизам-жібін үзе алады, байқасаң,
салмағымен құстың қауырсыны да.
Кетпен, күрек салмағы осы жер өңін
жасандыра, жасандыра береді!
(Ауыр екен, досым, жаңа кітабың,
сыны бірақ жеңіл тисін дер едім).
Салмақ керек!
Ай мен Жұлдыз, бүкіл көк —
салмақ бәрін ұстап тұрған бүтіндеп.
Қатер-оқ боп атпаса екен қорғасын,
қара тас тек ұшпаса екен түтін боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзім

  • 0
  • 0

Болмаса да көк өзенім гүрлеген,
көп өзенмен бірге ағамын, бірге мен.
Ой түбінен ойнап туған жырменен
тыныш таппай – тірі болып жүр денем.

Толық

Қанішкен

  • 0
  • 0

Қанішкен-ай, Қанішкен,
Кімнің қанын ішіп едің?
Домалап
Шөпке тұнған ошақтарың

Толық

Күз-көңіл

  • 0
  • 0

Гулеп кетті жел тұрып маңай тағы,
Кәрі қурай ызыңдап ән айтады.
Мойын жүні үрпиіп жетім торғай
аяныш-сезіміңді молайтады.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар