Күй – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Күй» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2131
Қысырақ па үріккен, саяқ па әлгі —
дүбір салды бір нөпір, таяп қалды...
Бурыл-шұбар топанын сай ақтарды —
дір-дір қақты тізелер, аяқ талды.
Мың балапан немесе талпынысып,
жүз мың аққу жүргендей шалқып ұшып;
Не қос ғашық сүйеніп бір ағашқа
түк айта алмай тұрғандай алқынысып.
Мың асау су немесе қарғып ақты,
қарғып ақты, тау бұзды, жар құлатты.
Перне басқан саусақ па, құдірет-ау,
тұяғы ма әлде мың арғымақтың?! —
Күн батқан шақ еді-ау ол, іңір алды,
ың-жың болып бір дыбыс тұрып алды.
Бір ақбөкен бөріден тірі қалды,
бір жаралы жолбарыс ыңыранды.
Сүгіретке айналды дыбыс, кенет,
таудан аққан су сынды жіңішкелеп
басталды да бір көрініс, бір іс демек...
қорбаң қағып қос аю ұғысты ерек.
Көргеніңіз жөн, сірә, Сіз алыстан:
әне, сайдан шықты өріп жүз арыстан, —
тістер аңдап, көмейлер қызарысқан,
жүз арыстан келеді ыза қысқан.
Тегеурін бе ең, япыр-ау, тепкі ме едің,
мен де күшім көрсетсем деп тіледім:
"Ой, жалған-ай", деуге әзер жетті демім
Жүрек-қолқам қозғалып кетті менің.
Сиқыр самал секілді күй дегенің —
ағытылды омырау-түймелерім.
Сүйікті боп кетті, лез сүймегенім.
Сүй дегелі, бұралтып билегелі
мен де аулаққа біреуді сүйреледім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күй өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Күй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері