Күмән – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Күмән» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 776
Сонда сен бір сөйлеп едің нан ұстап —
мен жазылдым. Ол күн кетті алыстап.
Наныңды ұстап Мысыр бардың, Шам бардың
саған емес, нанға сеніп мен қалдым.
Тайғанақтап, әй, кеттің-ау, әй, кеттің
сәуле құсап қырындағы әйнектің.
Сөйлейсің ғой, білем, қазір аптығып
сол баяғы жұртты жаманатты ғып.
Көзің — лай суындай боп өткелдің,
білем, тағы сендіремін деп келдің.
Хауа-ана бол, періште бол сен мейлің —
нанды алдаған кісіге мен сенбеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күмән өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Күмән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күмән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күмән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері