Күмән – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Күмән» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 802
Сонда сен бір сөйлеп едің нан ұстап —
мен жазылдым. Ол күн кетті алыстап.
Наныңды ұстап Мысыр бардың, Шам бардың
саған емес, нанға сеніп мен қалдым.
Тайғанақтап, әй, кеттің-ау, әй, кеттің
сәуле құсап қырындағы әйнектің.
Сөйлейсің ғой, білем, қазір аптығып
сол баяғы жұртты жаманатты ғып.
Көзің — лай суындай боп өткелдің,
білем, тағы сендіремін деп келдің.
Хауа-ана бол, періште бол сен мейлің —
нанды алдаған кісіге мен сенбеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері