Таудағы нөсер

Бұл бетте «Таудағы нөсер» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 928
Ескі ұғымға пародия

Аспан жақ боздап кетті, мықты-ақ қайғы,
диюлар бұлт тасалап бұқпақтайды.
Көпшік қып қолтығына қара бұлтты ап,
әнеки, Әзірейіл барады ықтап.
Соқты жел, асқынған бұл даң-дамайды
япыр-ау, аллам неғып аңдамайды?!
дегенше... садағын ол оқтап, әне,
атқалы сайтандарды оқталады.
Қорқа ма — сайтанды ақыр ата алмады,
күмбезін аспанның құр бақаңдады.
Содан соң құдіреттен жоқ хабары
бір жынды ұстап, шыңғыртып ноқталады.
Ал, сайтан жүрген жақ тек шаңытады, —
көзге жай сескенгенін танытады.
Дірдектеп әрі тоңып, бұғып әрі
бір тастың қолтығына тығылады.
Содан соң жартылықтан жұтып, ұрттап,
күледі Хаққа қарап сықылықтап.
Бір жақта пері біткен шулап тағы,
жалпылдап бұлт жыртылып, бу қаптады.
Ал, сайда поп пен молда қақтығысып,
өкіріп бір пайғамбар жатты құсып.
Періште даңғырасын қақты асыға,
жағынып жақтасына — саппасына.
Иемнің қорқып мен де қаһарынан
зып бердім бір сұлудың қақпасына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таудағы нөсер өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Таудағы нөсер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таудағы нөсер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таудағы нөсер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері