Ода – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Ода» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1231
Заман — жақсы ертек бір,
ертек жазам мен де енді:
правосын еркектің
әйелдермен теңгерді.
Бос орынға жүр өтпей,
арыз айтып, жыр ғылып,
әйелінен, күректей
сөгіс алған бір жігіт.
Байқа, ойбай, құрысын,
әйел деген тілді жұрт.
Бөріктінің мұңы үшін
алма үйінді бүлдіріп.
Әйел — ерді малданды,
таңдап жүріп шалды алды.
Әйел киді шалбарды,
шал да киді шалбарды.
Ақыл қашты, тұр, ұста,
ақылсыз да ол киелі:
Жүкті әйел жүр жұмыста,
декретте — күйеуі.
Мезгілдің мол жүгі тым —
ауырсынба, қой енді.
Сен алмадың, жігітім,
Заман алды әйелді.
Ал, жасырдым тезірек,
ұзап кетер сыр тағы;
ана жақтан "өзі" кеп
сезіп қойса — құртады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері