Сені ойлаймын

Бұл бетте «Сені ойлаймын» атты Жомарт Калмуратов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Таусылғандай сабырым мен тағатым,
Мекендеймін сағыныштың қанатын.
Сені ойлаумен өткіземін неге мен?
Бір тәуліктің 24 сағатын...
-
Іңкəрлік бар сенің сазды үніңде,
Сені ойладым кеше және бүгін де.
Бір мезетке есімнен де шықпайсың...
Əрбір айдың сен 31 күнінде...
-
Айналумен өзің жайлы түн жырға,
Сені ойлаумен күндер, айлар зырғуда.
365 күн сені ойлаймын,
Сағынышпен сенсіз өткен бір жылда...
-
Шертетінбіз айлы түнде сырға сыр,
Сенің сырың маған жаным болды асыл.
100 жыл мейлі болмасаң да қасымда,
Сені ойлаймын ойланбастан бір ғасыр...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер