Ірге – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Ірге» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1107
Кеудем — бір үй:
Іші — дауыл,
сырты — дау,
күні-түні бір бұрқырау,
бұрқырау. Етек-жеңім далақ қақты;
бұ-дағы
жел өтінде қалғандықтың бір түрі-ау.
Көптен маған тиіп жүр-ау бір тұмау,
буындарым, сенің ісің — сырқырау.
Шілдеде де суық ұрды жанымды —
көңіл байғұс, сенің де іргең жыртық-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері