Мысық тілек
Бұл бетте «Мысық тілек» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Дана қартқа со заманда баяғы
біреу келіп күнде қолын жаяды:
"келер күннің бір белгісі жоқ әлі", —
айтшы, қашан топан-тасу болады?
Шөккен кәрі қайғы арқалап, шер теңдеп,
алдайды екен күнде әлгіні "ертең!" деп.
Жеткізбейтін қиял мініп тебінсең —
ертең, ертең! Неткен алыс едің сен!
Шыдамсыз жан қаусап, тозып бітті енді,
белі — сұрақ белгі құсап бүктелді.
"Қашан? — деді тағы бірде, — ал, қашан?
бауыздаймын бүгін болжай алмасаң —
Кәрі суайт, сұрап тұрмын соңғы рет!"
Шынымен-ақ қазам осы болды деп
қарт қиналды;
төгіле алмай мөлдіреп
сақалына бір тамшы жас қонды кеп:
"Бар жақсы адам өліп бітсе,
сол күні
шаяр, — деді, — бәрін топан толқыны;
жаһанда әзір бір-ақ жақсы адам бар,
сол құрыса — жер де өмірін тәмәмдар".
"Ол кім екен?"
Дүңк етті қарт: "ол — сен!" деп,
"Ол — сен!" — деді, — сырт айналды кемсеңдеп.
Әлгі жауыз өзі-өзіне кектеніп,
сол сәтінде буынды да кетті өліп.
Ескі әңгіме.
Ескермесең — әрі жүр,
әрі жүрші, қызыл иек кәрі жыр!
Бір жақсылық жасады сол дана қарт,
ал, жауызда обал болса — маған арт!
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі