Күз

Бұл бетте «Күз» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1586
Сұп-суық күзгі леп,
Күзгі леп сүзгілеп
бұлтты бұлт тықсырды,
тықсырды, сұп-сұр ғып
аспанды, бар маңды,
мына ұлы жалғанды,
Көңілді, сезімді,
Үмітті, арманды.
Бұта — сұр, бір түрлі
Қызыл-сұр гүл тұрды.
Тас та сұр. Сұр бәрі:
Сұлудың тырнағы,
Өлеңнің ырғағы —
Сұр бәрі, сұр бәрі.
Сұр тамшы, жай ғана
Сұр тасқа тайғана...
Қой, қой, қой, қой, бала —
Қарайын айнаға:
Мөп-мөлдір жаңағы
қап-қара жанарым
Кенеттен, о, тоба, түрленіп,
Кетпесе неғылсын сұр болып?! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері