Ертегі

Бұл бетте «Ертегі» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 841
Диюды құрдас қып
Сұңқылдай сырластық —
деп күлген бір ерді
алла өртеп жіберді;
соқ бері,
соқ әрі
иектен жоғары!
Суайтты жоқ ары
Сужүрек сабады.
Өгіз ғой деп өгіз
арбаға жегеміз.
Ал анау бұқаны
Жекпейміз неге біз?!
Шындық қой бұл, шырақ,
Піспеген былжырақ.
Бір-бірін өлтірді шымшылап
бір соқыр, бір шұнақ.
Бір басшы, сараң, сақ
біреуді жарамсақ
пір тұтты, бір тұтты,
Содан соң... құртыпты...
Бір қария мақалға
Қырық жыл қақалған.
Қақалып, қақалып
Данышпан атанған.
Ақыры... зор, кәрі
періште сорлады:
сайтаннан қатын ап —
ақымақ, ақымақ.
Ертек пе бұл,
Өлең бе?
сенбейсің-ау сен емге:
Осылардың барлығын
мен біледі дегенге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертегі өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Ертегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ертегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері