Ән әсері – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ән әсері» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2488
Қайтесің көмейіңде тізіп жүріп,
Шырқай түс әніңді, інім, үзілдіріп.
Қоштасқан көктеміммен табысайын,
Тұрғанда есігімнен күзім кіріп.
Жайықтай тy алыстан басын алған,
Сырлы саз бара жатыр тасып алға.
Бір сиқыр дүниеге ұрдым құлаш,
Алдымнан арайланып асыл арман.
Домбыраң дауысыңмен үндеседі,
Сал көңлің сая бақта гүл кешеді.
Өмірің қазір сенің сияқты ән,
Мен үшін мұның бәрі - күн кешегі.
Жұрт тарқап, қаламын мен кілең кейін,
Өйткені, ән мен жырға жүрем бейім!
Құлпырып кеттің сәтте, қайран көңіл,
Ақ қарға қағып алған кілемдейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән әсері өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ән әсері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән әсері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән әсері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері