Әр жерде аузын былғар – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Әр жерде аузын былғар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.09.2021
  • 0
  • 0
  • 817
Суырдай ыңқиттаған ін түбінен
Кісінің сақта, құдай, сімтігінен.
Мен де бір сағыныштың көз жасымын,
Үзілген қара өлеңнің кірпігінен.
Тырнадай жүнін жұлған, тыраш бала,
Тұнығын жүрегімнің ластама!
Сиырдай шалшық ішкен сасық бақай,
Жасыңнан иіскегенің шуаш қана.
Танауың қайдан сезсін гүлден иіс,
Қайырған қара торпақ күнде күйіс.
Жұлығы жұлым­
жұлым, жаман шәркей,
Жарытып берем дейсің кімге киіс?
Даланың мен бір жортқан аш бөрісі,
Тағдырдың жанға батқан тас беріші.
Күмпиген қуыс кеуде қу шығарсың,
Су тиген көн етіктей бас терісі.
Тірлігің тасбақадай тарбаңдаған,
Тасқынға түсіп кетіп тал қармаған.
Анадан сүттей таза туғанменен,
Әр жерде аузын былғар арланбаған.
Кісінің сімтігінен сақта, құдай,
Бүлдірер елдің ішін оттап ұдай.
Артыңның қандайлығы өзіңе аян,
Бетіңнің айғыз-айғыз сатпағын­ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әр жерде аузын былғар өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Әр жерде аузын былғар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әр жерде аузын былғар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әр жерде аузын былғар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері