Қара тастан ұн тартып

Бұл бетте «Қара тастан ұн тартып» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 725
Өлеңімнің жолын жапты, дөңбек тастап әлдекім,
Тоған бұзар тасқын сөзім бұлқынады ал менің.
Тағдырымның кіріптар ғып қойғанын­ай тақысқа,
Тақуадай тұқырайған астындағы сәлденің.
Мен санасам саусағымды, ол бақайын санайды,
Маймақ аю секілденіп май табанын жалайды.
Қарсы алдында тұрған жанды ту сыртынан көргендей,
Тоңқаң қағып екі бұттың арасынан қарайды.
Сасық мансап қоңсығына танауы әбден үйренген,
Иіскемесе ауырады күл­қоқысты қи көмген.
Инабаттың ізі түгіл, көлеңкесі түспеген,
Оның беті бүлк етпейді, менің жүзім күйгенмен.
Ауыздағы адалдығы еріндегі ұшықтай,
Жымырайған кейпі жаман ін аңдыған мысықтай.
Итке өкпелеп, жыртық тонды битке тастап қайтемін,
Есім барда жөн табайын, иегімді қышытпай.
Қараңғы аспан көкірегін оятпаса нұр жағып,
Қан сорпа боп керегі не, қызыл сөзді құр бағып?
Гуілдеген жел тұрмай­ақ, асау толқын ұрмай­ақ,
Зәнталақтың диірмені айналады зыр қағып.
Қашан көрсең отырғаны қара тастан тартып ұн,
Қалдырмас­ау бұл түрімен дүниенің тамтығын.
Сөндірердей самаланы шайқап­шайқап қояды,
Шыр айналған көбелектей күңгірт тартқан шам түбін.
Соқыр тауық көреді елді дән орнына шашып құм,
Өз аузынан айырмайды балды басын қасықтың.
Жем жатқан жер жемтіксіз де болған емес ешқашан,
Қу құлқынның құрығынан құтылады қашып кім?
Топты торғай топырлайды қайда қызыл қырман көп,
Ойламайды бейшаралар қылдан тұзақ құрған деп.
Ей, көңілім, не қыласың болмашыға құрбан боп,
Қызығарлық күн астында Күнікей қыз тұрған жоқ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара тастан ұн тартып өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қара тастан ұн тартып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара тастан ұн тартып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара тастан ұн тартып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері