Біргемін – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Біргемін» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2929
Бұл жалғанға қонақпыз сол кемді күн,
Дайынбыз ба арқалауға ел жүгін?..
Білген жанға сұрауы бар судың да,
Біздер үшін тер төгеді енді кім!
Өтседағы өмірімнің көктемі,
Осы ойлар мазалайды көп мені.
Мансапқорлар күйттеп кетіп бас қамын,
Көпе-кернеу көпшіліктен шеттеді.
Бір-бірінен айла-шарғы асырып,
«Пысықтар» жүр елдің құтын қашырып.
Ала жіпті аттамаған тектілер,
Амалсыздан қалталыға бас ұрып...
Бірте-бірте ашылғандай араны,
Мына заман қайда бастап барады?
Жоқ-жұқаның жағдайы тұр ауырлап,
Қайда барып, жанға сая табады.
Ағайыным, ауылдасым, іргелім,
Алдарыңда - қалай өмір сүргенім.
Біздің түтін сізден бөлек ұшпайды,
Өздеріңмен өмір бақи біргемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біргемін өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Біргемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біргемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біргемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері