Сара мен Құдайберген – Сара Тастанбекқызы

Бұл бетте «Сара мен Құдайберген» атты Сара Тастанбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1523
Сара Бекбайға шыққаннан кейін оған жеңге ретінде қалжыңдай беретін Құдайберген деген ауыл ақыны бірде оны мұқатпақ болып, ауыл-үй арасындағы өсекті малданып, бір ауыз өлең айтады.

Құдайберген:
Келін боп бұл ауылға Сара келді,
Қолына домбырасын ала келді.
Төлімен Тасыбайды көбейтсем деп,
Ішіне бір баласын сала келді.

Сара:
Еліңде, Ермек, Түбек мықты болған,
Құл, қатын сорпасына күпті болған.
Балам тұрсын, төсімде емшегім жоқ,
Еліңде қызың көп пе жүкті болған?!
Күй тартсам бал тамады бармағымнан,
Бассам теңіз ойылад салмағымнан.
Бір тарпып ақ тайлақша тастар едім,
Атаңның қорқып тұрмын аруағынан...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері