Сара мен Құдайберген – Сара Тастанбекқызы

Бұл бетте «Сара мен Құдайберген» атты Сара Тастанбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1467
Сара Бекбайға шыққаннан кейін оған жеңге ретінде қалжыңдай беретін Құдайберген деген ауыл ақыны бірде оны мұқатпақ болып, ауыл-үй арасындағы өсекті малданып, бір ауыз өлең айтады.

Құдайберген:
Келін боп бұл ауылға Сара келді,
Қолына домбырасын ала келді.
Төлімен Тасыбайды көбейтсем деп,
Ішіне бір баласын сала келді.

Сара:
Еліңде, Ермек, Түбек мықты болған,
Құл, қатын сорпасына күпті болған.
Балам тұрсын, төсімде емшегім жоқ,
Еліңде қызың көп пе жүкті болған?!
Күй тартсам бал тамады бармағымнан,
Бассам теңіз ойылад салмағымнан.
Бір тарпып ақ тайлақша тастар едім,
Атаңның қорқып тұрмын аруағынан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сара мен Құдайберген өлеңінің авторы кім?

Сара Тастанбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Сара мен Құдайберген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сара мен Құдайберген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сара Тастанбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сара мен Құдайберген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері