Бір сәттік мойындау – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Бір сәттік мойындау» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2448
Мұрат тұтып қасиетті өнерді,
Ақын достар мол бақытқа кенелді.
Бәзбіреулер маған сұрақ қойып жүр,
«Неге тастап кеттің, - деп, - бұл өлеңді».
Жан емеспін өйтіп-бүйтіп амалдар,
Жалғандықты тез байқайды адамдар.
Жыр алдында көтердім мен ақ жалау,
Қайтем, егер алынбаса қамалдар.
Мына ойды келем әбден пысықтай:
Тек жүрейін, жұрттың ішін пысытпай.
Жалпақ елді жалт қаратар жырым жоқ,
Болмайыншы сүтке тиген мысықтай.
Өлеңшілден өлермендер үмітті,
Жасық жырмен кім биікке шығыпты.
Атам қазақ жазғырмаған, сыйлаған,
Жеңілгенін мойындаған жігітті!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір сәттік мойындау өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Бір сәттік мойындау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір сәттік мойындау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір сәттік мойындау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері