Жұртымен бірге жасар – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жұртымен бірге жасар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1087
(Кәкімбек ақынды еске алу)

Жыл толды қайырылғалы ер қанаты,
Халқының жүрегінде қалған аты.
Өшпейді өмірдегі салған ізі,
Сөнбейді өлеңдегі жанған оты.
Жаратқан жатқан орнын жарық қылсын,
Жұмақта жезкиігін жолықтырсын.
Ұлтының қамын жеген қаршадайдан,
Ұл туса, Кәкімбектей болып тусын!
Сүйінді жақсылықтың барлығына,
Күйінді қатал заман тарлығына.
Ғасырдың өзі куә кешегі өткен,
Ел жүгін арқалаған нарлығына.
Тағдырдың басқа түсті тайталасы,
Әніңді дегендей бір қайталашы.
Іздеп тұр Кәкімбегін күңіреніп,
Орман­-көл, тау мен тасы, сай­-саласы.
Өлеңнің тұнығынан сусындаған,
Қазақтай шын ақынды кім тыңдаған?
Іздеп жүр Кәкімбегін аласұрып,
Аққулар көлді айналып сұңқылдаған.
Түсетін алыстарға көз қиығы,
Әркімнің өзіне аян өз биігі.
Жолықпай Кәкімбегі жабырқайды,
Жапанның желдей ескен жезкиігі.
Саралап жортқан ізін ары­-бері,
Күрсіне еске алады қалың елі.
Секілді сағыныштың белгісіндей,
Сарғайған Сарыарқаның сары белі.
Пенде жоқ жер бетінде өлмейтұғын,
Қайғыны уақыт қана емдейтұғын.
Жұртымен бірге жасар ән мен жыры,
Жүрегін тыңдағанның тербейтұғын.
Сартылдап жылдар өтер, күндер өтер,
Ғұмырды таусылмайтын кім дәметер?
Бейнесі қайран асыл ағалардың,
Көз көрген біздерменен бірге кетер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұртымен бірге жасар өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жұртымен бірге жасар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұртымен бірге жасар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұртымен бірге жасар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері