Ассалаумағалейкум, аппақ әлем! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ассалаумағалейкум, аппақ әлем!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1155
(Зайсанда жер сілкінген жылы Жаңа жылды қарсы алу)

Қаншама армандарды қудым аңсап,
Тынбастан жүрегімде бұлбұл ән сап.
Баяғы танысымдай сәлемдесіп,
Тағы да тұрмын Жаңа жылды қарсы ап.
Бояулар жанарымда сан алмасып,
Маусымдар өте шықты амандасып.
Қоштасып бір көктемім тағы кетті,
Күндермен тартыса алмай табандасып.
Бір жазым сәл аялдап, ол да тайды,
Болдыртқан бозбаладай жорға тайды.
Тағы бір күзім өтті көңілсіздеу,
Байқаймын, бұрынғыдан жел қатайды.
Келеді енді қаңтар, ақпан бұрқап,
Жайымен желтоқсанды аттандырсақ.
Қатулы қыс қабағы жадырар ма,
Азырақ шампан атып шаттандырсақ?
Жадырар қыс қабағы, жадырамас,
Қар кетер, қайта көктер қалың ағаш.
Жасанды шаттық кімге жарасады,
Менің де жеңіл күлкі жаныма қас.
Уақыттың екі айтылмас жарлығы ерен,
Талай той, талай думан қалды менен.
Жатқанда жер сілкініп,
Ел түршігіп,
Ақындар аза тұтар алдыменен.
Кешіргей Жаңа жылым – жаңа күнім,
Кейпі бар көңілімде қаралының.
Жарылған жер жаралы,
Ел жаралы,
Мен­-дағы жаралымын, жаралымын...
Азаптың ызғарына кім шыдаған,
Сеземін үскірігін шымшылаған.
Шетеннің шеттеу біткен бұтағы едім,
Өтінде көк дауылдың тыншымаған.
Төгілген таңдайынан мөлдір әні,
Емессің, аппақ әлем, сен кінәлі.
Жасырмай жанға батқан мұңымды айттым,
Тұнжырап табыспайық ендігі әрі!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ассалаумағалейкум, аппақ әлем! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ассалаумағалейкум, аппақ әлем! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ассалаумағалейкум, аппақ әлем! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ассалаумағалейкум, аппақ әлем! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері