Дендер – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Дендер» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3335
Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер,
Алдыңнан құба бел боп көлденеңдер.
Жайықтан aт суарып, бір желпінді-ау,
Жорықтан жау түсіріп келген ерлер!
Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер,
Сөз айтшы шемен болған дертімді емдер.
Үстіңнен қалай ғана жүріп өтті,
Аңыңды бұғып барып өлтіргендер?!
Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер,
Әнімен Бала Ораздың тербелген жер.
Сарғайып сағыныштан келгенімде,
Азайып капган екен көз көргендер.
Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер,
«Дендердей бола алмайды кез келген жер».
Табылжан осылай деп жай айтады,
Сау жүрсін туған жерге дем бегендер.
Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер,
Дендерден тұрақ таппас «өзгергендер...».
Мәңгілік Махамбеттің мекені бұл,
Дендерді Түркістаннан кем көрмеңдер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дендер өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Дендер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дендер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дендер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері