Ана – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ана» атты Несіпбек Айтұлы жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1848
Әлдилеп мені тербеген,
Шырағың таңға сөнбеген, анам!
Түн күзетіп –
Қанша күн,
Шаршадың,
Өссе деп аңсадың.
Аялаған, анам!

Қайырмасы:
Бақытты ойламаған,
Алдыма жайған анам!
Аймалаған,
Қайран анам,
Өзіңсіз бұл өмір
Қайда маған!?.
Мен үшін талай терлеген,
Арқалап тауға өрлеген, анам!
Бұл бес күндік –
Жалғанда
Сен барда,
Менде арман болған ба,
Еркелеткен, анам!

Қайырмасы.

Кезімде қанат сермеген,
Бетімнен қағып көрмеген, анам!
Жел жағымда –
Қорғаным,
Орманым,
Ізіңді жалғадым,
Айналайын, анам!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері