Жол үстінде – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жол үстінде» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2138
Жол үстінде екеу тұр,
Ағып келеді машина.
— Таныс шопыр екен бұл,
Дейді бірі досына.
Қол көтерді жақын кеп
Машина да тоқтады.
Екеу мінді бас изеп,
Көп сөйлесіп жатпады.
Бірі — едәуір жастағы
Колхозшы, бірі — агроном.
Қарт кеңесті бастады,
Бір жайланып алған соң.
— Бұл шопыр ма, бұл шопыр,
Тілеуі болғыр, жақсы адам.
Бұл сөйлесе күл де отыр,
Ойынпаз - ақ, жарқын жан!
Бес жыл, бәлкім, одан да
Істегелі көп шығар.
Мұны біздің ауданда
Танымайтын жоқ шығар.
Жазда, күзде, көктемде,
Жүргені ылғи қатынап.
Келсе — шай-қант, кетерде —
Азық, май, жүн артып ап.
Қажығанын білмейсің,
Ылғи жарқын осы күй.
Адал еңбек иесі
Аты өзінің Василий.
Бұған құрмет етеді,
Біздің колхоз адамы, —
Деп қария шертеді...
Машина ағып барады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жол үстінде өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жол үстінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жол үстінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жол үстінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері