Ана – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ана» атты Несіпбек Айтұлы жазған ана туралы өлең берілген.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1928
Әлдилеп мені тербеген,
Шырағың таңға сөнбеген, анам!
Түн күзетіп –
Қанша күн,
Шаршадың,
Өссе деп аңсадың.
Аялаған, анам!

Қайырмасы:
Бақытты ойламаған,
Алдыма жайған анам!
Аймалаған,
Қайран анам,
Өзіңсіз бұл өмір
Қайда маған!?.
Мен үшін талай терлеген,
Арқалап тауға өрлеген, анам!
Бұл бес күндік –
Жалғанда
Сен барда,
Менде арман болған ба,
Еркелеткен, анам!

Қайырмасы.

Кезімде қанат сермеген,
Бетімнен қағып көрмеген, анам!
Жел жағымда –
Қорғаным,
Орманым,
Ізіңді жалғадым,
Айналайын, анам!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері