Қазағым менің – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қазағым менің» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1691
Қалың елім – қазағым менің,
Қаным да сенсің, жаным да сенсің менің.
Маңдайыма тағдыр сыйлаған,
Ғажабым сенсің, азабым сенсің менің!

Қайырмасы:
Байтақ далам, бабамнан қалған,
Шалқыған шалқар,
Атырабыңнан айналдым сенің!
Ата-бабам, анам жаралған,
Аңқыған жұпар,
Топырағыңнан айналдым сенің!

Асыл елім – ардағым менің,
Барым да сенсің, арым да сенсің менің.
Желтоқсанда туын жықпаған,
Намысым сенсің, жеңісім сенсің менің!

Қайырмасы.

Еркін елім – ертеңім менің,
Анам да сенсің, панам да сенсің менің.
Аспанымда күндей жайнаған,
Байрағым сенсің – айбарым сенсің менің!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазағым менің өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қазағым менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазағым менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазағым менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері