Жастарға тілек

Бұл бетте «Жастарға тілек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1960
(Абай мен Шәкәрім кітаптарының тұсаукесерінде оқылған өлең)

Оқысаң ойға толы қалың кітап,
Рухың жасымайды, жаның жұтап.
Абай мен Шәкәрімді үлгі тұтып,
Жас ұрпақ, өмірден өз жолыңды тап.
Жырлары бағыт сілтер қос дананың,
Талқандап надандықтың тас қамалын.
Абай мен Шәкәрімді ұға алмасаң –
Сол болар ең үлкені масқараның.
Абай мен Шәкәрімше еліңді сүй,
Жұрт үшін керек болса жаныңды қи.
Халықтың қыз – ұяты, ұл – мияты,
Айныма адалдықтан, нәпсіңді тый.
Қайыр қыл, қолдан келсе жамағатқа,
Қалдырма ата-анаңды жаман атқа.
Алдымен арыңды ойла, қарынды емес,
Жүгінсін байлық, мансап қанағатқа.
Қазақтың қатар жүрген ұл мен қызы,
Елікпе, елірді деп жердің жүзі.
Аяқты анық бассаң адастырмас,
Абай мен Шәкәрімнің салған ізі.
Тайраңдап өте шықпа тасыр-тұсыр,
Әр сөзін көкірегіңе хатқа түсір.
Боласың сонда ғана нағыз адам,
Келмесе осы айтқаным бетке түкір...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастарға тілек өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жастарға тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастарға тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жастарға тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері